
Абай баланы қалай тәрбиеледі?
Абай – реалист. Жасыратыны жоқ, бізде өмірдегі бүкіл қызықты тек балаға тіреп тастайтын кез аз емес. Жоқ, өмірде қызық көп. Бірақ соның ішінде аса маңыздысы – ұрпақ, бала. Абай әр нәрсенің шынайы, нақты бағасын береді. Сондықтан да, бар қызығы демейді, бір қызығы дейді. Сөйтеді де, "баланы оқытуды жек көрмедім" дейді.
"Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Екіншісі білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дейді". Бұл да Абайдың сөзі. Осы екі типтегі баланы қайтсек адам қылмақ керек?
"Әке – балаға сыншы". Құнанбайдың өзі Абайға сыншы болған. Абайдың ыстығы көтеріліп ауырған кезде Құнанбайдың "Абайжанның бар қуаты ішінде еді, сыртына шығыпты. Ешкімге көрсетпеңдер" деп айтатын сөзі бар.
Читать на informburo.kz

