Жалғасқан жағалар
Иә, көпір салу оңай емес. Бірақ, біз салдық. Бір күн емес, он минутта.
Өзеннің екі жағалауын емес, ауланың іші мен оның дуалының төбесін жалғадық. Басқа емес, мысық жүруі үшін.Аулаға келіп, күнделікті екі рет тамақ ішіп кететін мысық бар еді. Асыранды емес.
Көшеден құртақандай кезінде өзі келген. Одан кейін ит алдық. Оны да байлап ұстауға қимадық.
Мысық тамақ ішіп болғанша иттен қорып тұрамыз. Тамағын ішіп, алдыңғы аяғымен бет-ауызын сипап, тазаланып болған соң екеуінің арасын еріктеріне қалдырып, үйге кіреміз. Сол кезде ит анаған тап береді.
Мысық болса біз жасап берген көпірмен дуалға шығып үлгереді. Жіңішке тақтаймен жүре алмайтын иттің аузы аңқайып қалады. Кешкі тамаққа мысық осы арқылы түседі.
Читать на informburo.kz