Қылмыстық кодекстің 4 бабы бойынша айып тағылған. "Олимп" букмекеріне қатысты сот басталды
"Olimp KZ" ЖШС, "Alpha-Bet" ЖШС және "Onlybet" ЖШС букмекерлік кеңселерінің өкілдері жасаған қылмыстық іске қатысты сот басталды. Олар букмекерлік кеңсенің атын жамылып, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны, қылмыстық жолмен тапқан табысты иемденгені және салық төлеуден жалтарып, мемлекетке аса ірі көлемде залал келтіргені үшін істі болып отыр.
Тергеу дерегінше, қылмыстық топты Анарбек Жауыров пен Дмитрий Давыдов құрған. Аталған ұйымдасқан қылмыстық топқа 20-дан астам адам мүше болған.
Сотталушылардың әрқайсының рөлін қылмыстық топқа жетекшілік еткен жоғарыда аталған екеу бөліп берген."Жауыров Давыдовпен бірге ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оны басқарды. Олар 2014 жылдың қаңтар айынан бастап 2019 жылдың желтоқсанына дейін әрекет еткен.
. Читать на informburo.kz



