
Түнгі аспандағы ақ тиін
Талай елді басқарғандардың шашын ағартып отырған шашақты вирус, яғни коронавирус пайда болғалы бір даусыз ақиқат бар, ол – аспанның тазарып қалғаны. Әсіресе ірі қалаларда бұл құбылыс баршаның көңілінен шықса керек. Жаппай түсірген фотолар – соның айғағы. Күндіз бұрын іргеде тұрса да көрінбеген таулар, түнде жасырынбай-ақ жымыңдаса да байқалмаған жұлдыздар енді талайды қуандыруда.
Аспан әлі таза тұрса, яғни карантиндік шаралардың біразы сақталса, аспандағы тамаша құбылыс – құйрықты жұлдызды телескопсыз көруге мүмкіндік аламыз.
Жақындап қалған аспан қонағын астрономдар ATLAS деп атаған. Бұрын белгісіз болыпты. Оны алғаш 2019 жылдың 28 желтоқсанында байқаған. Онда өте жарығы өте әлсіз, болар-болмастай еді. Біртіндеп жарығы күшейе берген соң
Читать на informburo.kz