

Коронавирус Қазақстанда: 19 мамыр оқиғалары. Маусымда басталуы тиіс халық санағы кейінге шегерілді
Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. 67 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады.
Жазылғандардың жалпы саны – 3 598.
Көз жұмғандар – 35.
Елімізде төтенше жағдайдың жариялануына және карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты жалпыұлттық халық санағының дайындық кезеңі 27 шілде – 25 тамыз аралығына ауыстырылды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлады.
Бұған дейін 1-30 маусым аралығында халық санағын жүргізуге дайындық кезеңін өткізу жоспарланған болатын. Бұл мерзімде интервьюерлер – әрбір елді мекендегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың мекенжайын, онда тұратын адамдардың нақты санын анықтайды деп көзделген еді. Ал санақтың екінші кезеңі, яғни негізгі жұмысқа
Читать на informburo.kz