Қазаға қатысты наза
Оқи отырыңыз: Препарат бар, парасат жоқЕстірту – көне дәстүрдің бірі. Халық даналығынан туған.
Жақын адамы қайтыс болғанын әлі білмейтін кісіге оны ешқашан "пәлеңшең өлді" деп шекеден таяқпен ұрғандай етіп айта салмаған. Кейінге созбай сол уақытында барып, жөн-жобасымен хабардар еткен.Өте жағымсыз хабарды айту үшін адамды психологиялық жағынан дайындай білген.
Қаза туралы айту үшін жасы үлкен кісі бастаған топ арнайы келетін. Жастың үлкендігі ғана емес, қажетті сөзді айта білетін тапқырлық та ескерілген.
"Тұяғы бүтін тұлпар жоқ, қанаты бүтін сұңқар жоқ" деген мақал әу баста осы естірту кезінде туғаны талассыз-ау.Естіртудің тарихи мысалдары жеткілікті. Талайы тұрмыстық деңгейден көтеріліп, әдеби-көркем үлгіге айналып кеткен.
Читать на informburo.kz