Табынған мен таптаған
Колумбтың ескерткіші. "Американы ашты" деп саналып, сонысымен сан ғасыр ұлықталған тұлға бір сәтте мансұқталып жатыр. Түсіп жатқан ақпараттардың ең соңғысы "2020 жылғы 19 маусымда Сан-Франциско қаласында Христофор Колумб ескерткіші алынып тасталды" дейді.
Қала билігі "Американы алғаш ашушының әрекеті еске алуға тұрмайды" деп ұйғарған. Әрі Сан-Францисконың өнер жөніндегі комиссиясы "Колумб нәсілдік теңдікті жақтаған тұлға емес" деп тұжырған.
Қазақ мұндайды "өлдің Мамай, қор болдың" деп ежелде айтып тастаған.Алыс құрылыққа алғаш жүзіп жеткен теңізші ретінде оған қойылған ескерткішті Майамиде, Ричмондта, Сан-Поледе, Бостонда, Нью-Джерси штатындағы шағын қалашық Камденде, Сент Луисте алып тастапты. Бұл – біздің көзімізге түскен ақпараттар.
Читать на informburo.kz