Коронавирус Қазақстанда: 14 мамыр оқиғалары. Ата-аналардың екпеден бас тарту құқығы сақталады
Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алғашқы деректері 13 наурызда тіркелді. Алғашқы 62 күннің оқиғаларын осы жерден оқуға болады
Жазылғандардың жалпы саны – 2 531.
Көз жұмғандар – 32.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов әрбір вакцинаның қауіпсіздігін анықтау үшін бірнеше сатыдан тұратын тексеру жұмыстары жүргізілетінін айтты. Оның айтуынша, бұған дейін денсаулық сақтау саласындағы бірде-бір заң осындай ашық әрі ауқымды талқылаудан өтпеген екен.
"Соңғы кезде әлеуметтік желілерде Кодекстің қабылдануына қарсы талқылаулар жүргізіліп жатыр. Соның ішінде сапасыз вакциналар, жөн-жосықсыз сатып алу мен вакциналарды дұрыс тасымалдамау және одан бас тартушылар санының көптігі туралы шындыққа жанаспайтын әңгімелер айтылуда. Бұл қоғамдық сананы
Читать на informburo.kz