Қамбаш
Оқи отырыңыз: У шығарған шуҚамбаш – айналып шыққаны 110 шақырым болатын үлкен айдын. Жүз миллион текше метр шамасында су жиналған.
Арал ауданында балық өсіру мен өңдеу қайта жанданса, соның елеулі бөлігі осыдан ауланып жүр.Бұдан басқа, Қырымбек Көшербаев Қызылорда облысын басқарып тұрғанда отандық туризмді дамытамыз деген ұран тасталғаны мәлім. Соның қызуымен Қамбаш жағасына демалыс аймағы салынды.
Ол 494 гектар аймақты алып жатыр. Жазғы маусымда 100 мыңға жуық турист дем алуға келеді деген есеппен.
Балаларды сауықтыратын үлкен орталықтың ашылғанын теледидардан көрсеткенбіз. Не керек, құмды жағалауға айтарлықтай инфрақұрылым жасалыпты.Әрине, құйылған қаржы мен салынған нысанды шығыстағы Алакөлмен салыстыра алмайсыз.
Читать на informburo.kz