
Алматы орталығындағы үш үй ҰҚКД ғимаратын кеңейту үшін бұзылмақ. Тұрғындар неге наразы?
Тұрғындардың айтуынша, 21 ақпан күні қалалық жер қатынастары басқармасының өкілдері оларға жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін алынатынын және аумақтағы үйлердің бұзылатынын хабарлаған. Негіздеме – әкімдіктің қаулысы.
Содан бері 39 пәтерлі 3 үйдің тұрғындарында маза жоқ."21 ақпанда төбемізден жай түскендей болдық. Бізге (әкімдік қызметкерлері – автор) келіп, үйлеріміздің ескі екенін, сондықтан бұзылатынын ескертті.
Жердің мемлекет мұқтаждығына алынатынын айтты. Бірақ, бұл жердің нақты қандай мақсатта алынатынын хабарламады.
Былтыр ҰҚК департаменті бірінші басшысының орынбасары бұрынғы қала әкімі Бауыржан Байбекке үндеу жолдаған болатын. Бұл хатта 1969 жылы ҰҚК үшін салынған ғимараттың техникалық жағдайының ескіргені және жаңартуды қажет
. Читать на informburo.kz