1 тамызды күтудің қажеті жоқ
Ең үлкен өтірік – жұмыссыздар саны сияқты. Қанша үкімет басшысы, министр, статагенттік басшысы өзгерсін, инфляция, доллар өсімі, дағдарыс болсын, жұмыссыздар саны өзгермейді. Сол баяғы 450-500 мың адам шамасында.
Саясаттанушы Досым Сәтбаев айтпақшы, өзін-өзі қамтып отырған 2,7 млн адам негізінен жұмыссыздар емес пе?Тағы бір өтірік – орташа жалақы. Биыл 204 мың теңге! Әрине, 80-100 мың теңге алатын қарапайым адам мен 5 миллион теңге алатын топ-менеджердің жалақысын бір қазанға салса, бәлкім солай да шығар. Бірақ, көпшілік төмен жалақы алады.Оқи отырыңыз: Ысыраппен той жасауды қойсақ, әнші де тәубеге келедіТағы бір күмәнді сан – қыз-келіншектер санының көптігі! Бұл "ойбай, тоқал алғызатын заң қабылдау керек" дейтіндердің басты уәжі, қаруы.
. Читать на informburo.kz