

Ұят туралы. Ұятмен қайдан шықты?
Ары таза адамның шыққан биігі әдемі көрінеді. Өйткені, ол не нәрсеге қолы жетсе де, таза жетеді. Оған ешкім барып даурығып, шекпенін шешіп ала алмайды. Негізі, ар, ұят, намыс – адамның иманының деңгейін көрсететін негізгі қасиеттер.
Абай өзінің бір сөзінде "Ұят кімде болса, иман сонда" деген хадисті келтіреді. Ал сол ұят деген не өзі? Біздің бойымызда бар ма? Болса, қандай ісімізге ұяламыз? Осы "ұят" деген ұғымның шеңберінде Абайға сүйеніп әңгіме өрбітіп көрейік.
Абай: "Бір ұят бар – надандықтың ұяты, жас бала сөз айтудан ұялған секілді, жақсы адамның алдына жазықсыз-ақ әншейін барып жолығысудан ұялған секілді"дейді. Шынында да, өзі кінәң болмаса, ешкімнің алдында жазықты болмасаң, болмайтын жерде қысылып, қызара кету – надандықтың
Читать на informburo.kz

