Қораң қайда, "Боран"?
Оқи отырыңыз: Түнгі аспандағы ақ тиінКейін зерттесек, күндізгі "сынақ сәтті өтті" деген ақпарат басқа мәтінмен келуі мүмкін екен. Онда мына қуаныштыдан анағұрлым қысқа хабар болмақ.
"Кеңес Одағының Телеграф агенттігі бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарышкерсіз ұшырылған "Боран" көп мәрте қолданылатын ғарыш кемесінің қонар кезде апатқа ұшырағанын хабарлайды" деген сыңайда. Мұндай мәтін дайындалған.Өйткені, "Боран" ғарыштан жақындап 20 мың метр биіктікке келгенде есептің бәрі оның сол қанатына қарай қисайыңқырап, Байқоңырдағы қону жолағына оңтүстік-батыс беттен қонуға ыңғайланғанын көрсетті.
Бәрі дұрыс. Осылай көзделген.
Кенет "Боран" солға қарай күрт бұрылды. Ұшу сапарын басқару орталығындағылар шу етті.
Читать на informburo.kz


