Арнадағы ағын су
2020 жылдың 22 мамырында ақпарат құралдарынан Үлкен Алматы каналына қаншама жылдан соң қайта су жіберілгені жайында ақпаратты оқыдық. Үйіміз соның өр жағында жарты шақырым жерде тұр, ерінбей барып көрдік, рас екен. Жылдар бойы бетон табанын батпақ басып, бақалар ансамблінің концерт беретін сахнасына айналып кетіп еді, енді лықсыған су кенерені керіп, Алматы жаққа жөңкіліп жатыр. Ойымызға Қадыр Мырза Әлидің "Орта Азия отаулары" топтамасындағы бір шумақ оралды:
Болшы, досым, болшы, тез-тез киінші,
Ұлы достық құдайына сыйыншы.
Қарақұмға қуанышпен қоса ағып
Су келеді, су келеді, сүйінші!
Ақынның Түркіменстандағы атақты Ленин атындағы Қарақұм жармасын, соны салған халықтардың достығын жырлаған өлеңі ғой. Қазір Ленин қайда, халықтар достығы қайда
Читать на informburo.kz