Теңдік жолындағы текетірес
Оқи отырыңыз: Ғарыштағы жарысҚұрама Штаттардың орталық бөлігінде Мемфис деген қала бар. Тоқсаныншы жылдардың ортасында зәулім шыны Пирамида ғимаратын әлгі қаладан көргенбіз.
Онда қазақ астанасындағы Пирамида сарайы салынбақ түгіл, Ақмоланың елдің ордасы болуы туралы сөз енді көтерілген.Жалпы, бізде мұндай ғимарат салудың ешқандай шынайы себебі жоқ. Бір архитектор солай ұсынды, ұйғарды, құпталды, салынды.
Ал АҚШ-тағылар "қаламыз Мемфис аталған соң, сол атауды ақтайтын ғимарат керек, оған тек пирамида лайық" дескен. Қоғам ұсынған, ұйғарған, құптаған, салған.
Жарнамаларда айтылатындай, "айырмашылығын аңғарыңыз".Хош, Мемфис қалам ұшына оралған сәтте ойға түкен ілкі жәйт қой бұл. Негізі бізді қалада басқа ғимаратқа апарған.
Читать на informburo.kz