"Олардың жүрген жолында қабірлер мен мәйіттер қалатын". Сара Камеронның "Аштық жайлаған дала" еңбегі
Досым Сәтбаевтың жеке мәдени-ағартушылық қоры Cornell University Press баспасының арнайы рұқсатымен америкалық белгілі тарихшы Сара Камеронның "Аштық жайлаған дала" атты еңбегін Қазақстанда жарыққа шығарды.
Жаңа кітапты сүйіншілей отырып, өзекті үш тақырыбын оқырман назарына ұсынамыз.
1931 жылдың күзінде Қазақстан экономикасы ауыр күйзелісте еді. Мал саны ары қарай төмендей берді. Нәубеттің апаттық көлемін кешіктіріп мойындаған Орталық Комитет – РСФСР Орталық Атқару Комитетінің хатшысы Алексей Киселевтің басқаруымен комиссия құрды. Киселев – 1928 жылғы Семей ісіне қатысты республикадағы мал жоғалу мәселесіне байланысты тергеу жүргізген адам еді. Комиссия республиканың алғашқы бесжылдықтың екі жылында 28,7 миллион бас мал, яғни табындардың
Читать на informburo.kz


