БҚО тұрғыны мемлекеттік бағдарламалар арқылы қалай жұмыс тауып, кейін фермер болды?
Данияр Елеуғалиев.Ол ұзақ уақыт жұмыссыз жүрген. Мектепті бітірген соң оқуын жалғастыруға мүмкіндік болмағандықтан, сәйкесінше тұрақты және жалақысы тәуір жұмыс табу да оңайға соқпаған.
Осылайша бала-шағаны асырау қамымен әр шаруаның басын бір шалады. Ал биылғы көктемде таныстары оған жергілікті әкімдіктен жәрдем сұрауға болатынын айтып кеңес береді.
Мұнда "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бойынша жаңа жұмыс орындары құрылып жатқан болатын."Өтініш беріп едім, ауылдағы дәрігерлік амбулаторияны жөндеу жұмыстарына қабылдады. Осында 4 ай қара жұмысшы болып еңбек еттім.
Елімізде карантин енгізіліп, ахуал күрделеніп тұрған сын сәтте бұл нағыз қолдау болды. Осылай, "Жұмыспен қамтудың жол картасы" расымен де пайдалы екеніне көзім анық жетті", – дейді
. Читать на informburo.kz
