

"Алғашқы қар". АҚШ жазушысының Қазақстаннан алған әсері
Оқи отырыңыз: Қазақ әдебиетіндегі боран тақырыбы туралыМенің себетім әтір, шарф, қазақ достарыма арнап алған сыйкәделер, өзге де заттарға толы болатын. Тіпті, диск, кітап, жеке заттар – бәрі-бәрі бар.
Алайда дәл қазір маған керектісі жоқ. Маған керегі – жылы киім ғана.
Аңғал басыма тым құрыса "Алматыға түннің суығында қонуымыз мүмкін ғой" деген ой да келмепті.Бұл уақытта әуежайға еніп, ашылған есіктен лап қойған Алматы ызғарын сезіп те үлгердім. Тізем дірілдеп сала берді.
Қолдарым жуыспай, икемнен арыла бастады. Жалаң аяққа киген сүйретпем тайғақтанып үлгерген жүргінші жолына қайрат көрсете алмай келеді.
Бірнеше секундта-ақ мұздаған аяқтарым жүргісі келмей, маған бағынудан қалды. Ал айналамда жақындарын күткен қазақ ағайындар мәре-сәре.
. Читать на informburo.kz