
АҚШ президенті болуға үш мәрте үміткер. Джо Байден кім және оның мақсаты қандай?
Джо Байден 30 жасында сенатор атанды. Содан бері 35 жыл Делавэр штатынан қайта сайланып келді.
1974 жылы Time журналының редакциясы жас саясаткерді "Тарихты жасайтын болашақтың 200 тұлғасы" тізіміне қосты. 1987-1995 жылдары сенатта сот комитетін басқарды.
1988 жылы Байденге ми аневризмі диагнозы қойылып, қиын жағдайда ауруханаға жеткізілді. Шұғыл операция жасалып, жеті айдан кейін ғана сенаттағы қызметіне оралды.Оқи отырыңыз: АҚШ-тағы президент сайлауында Джо Байден жеңіске жетті.
Сайлауға шолуБайденнің саясатта жүргеніне жарты ғасырға жуықтады. 35 жыл сенатор болған ол екі мәрте АҚШ президенті болуға талпынып көрді.
Алғаш рет ол 1987 жылы 46 жасында Демократиялық партия атынанан кандидатурасын ұсынды. Алайда оған басқалардың сөзін ұрлады
. Читать на informburo.kz

